jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тiktok-тағы жазбасы үшін қазақстандық әйелге ірі көлемде айыппұл салынды

    Смартфондағы әлеуметтік желілер
    Смартфон. Көрнекі фото: pexels.com

    Қызылордада әлеуметтік желі арқылы бөтен адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген әйелге 465 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Облыстық сот мәліметінше, азаматша Д. Tiktok әлеуметтік желісі арқылы пікір жазып, жалпы көрілімге шығарып жариялап, жала жауып, азаматша Т.-ның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiрген.

    Сот отырысында Д.өз кінәсін мойындап, пікір жазғанын растайтынын көрсеткен.

    Азаматша Д. әрекеті полиция қызметкерлерінің баянаттарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктерімен, сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен және басқа да іс бойынша құжаттармен дәлелденген.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы, 3-тармағы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату бойынша көзделген.

    "Азаматша Д. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

    Тiktok-тағы жазбасы үшін қазақстандық әйелге ірі көлемде айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.