jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Азаптап өлтірген": талдықорғандық оқушы қыздың анасы мен өгей әкесі сотталды

    Судья үкім оқып тұр
    Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Талдықорғанда 14 жастағы оқушыны азаптап өлтірді деген күдікпен ұсталғандарға сот үкімі шықты. Сот үкімімен жасөспірім қыздың туған анасы 19 жылға, ал өгей әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Судья 14 жастағы қызға күш қолданып, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған 39 жастағы азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ал безбүйрек ана 19 жылға сотталды.

    "Сот үкімімен Айсабагиев Қылмыстық кодекстің 121, 110 және 99-бабының бірнеше тармағы бойынша, ал жасөспірімнің анасы "Адам өлтіру  және азаптау" баптарымен кінәлі деп танылды. Олар жазасын төтенше қауіпсіз және орташа қауіпсіз мекемеде өтейді. Сондай-ақ жәбірленуші тараптың моральдық залалға өтемақы өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылып, 15 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды", – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Әділет Бақытов.

    Еске сала кетейік, Карина Дорохинаның жоғалып кеткені 2023 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған. Полиция қыздың мәйітін былтыр 8 қаңтарда Текелі қаласының маңындағы таудан тапқан. Кейін оқушының бірнеше ай бойы сабаққа қатыспағаны,  сондай-ақ 2023 жылы 6 қарашада қайтыс болғаны анықталды.

    "Азаптап өлтірген": талдықорғандық оқушы қыздың анасы мен өгей әкесі сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.