jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Оралда 25 жыл бұрын болған екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс ашылды

    күдіктілер
    Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

    Ішкі істер министрлігі прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған екі адамның өліміне қатысты қылмыстық істі ашты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IIM-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ведомствоның мәләметінше, жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды.

    Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

    "Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі" бабы бойынша жүргізіліп жатыр. "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда", - дейді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

    Оралда 25 жыл бұрын болған екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.