jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада 15-қабаттан құлаған 12 жасар қыздың жағдайы ауыр

    Дәрігер. Көрнекі фото
    Дәрігер. Көрнекі фото: Getty Images

    Астанада 15-қабаттан құлаған жеткіншектің жағдайы ауыр. Көрер жарығы болғанымен, дәрігерлер оның ауыр халде жатқанын айтып отыр, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    12 жастағы қызды мұндай әркетке не итермелегені әлі анықталмады. Жерде жатқан қызды жедел жәрдем дәрігерлері бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген.

    Көршілердің айтуынша, кешкі сағат алты шамасында жеткіншек құлдилап барып, үйдің дәл іргесіндегі дүкеннің шатырына құлапты. Ақ халаттылардың айтуынша, қыздың бірнеше жерден сүйегі сынған, миы шайқалып, көп мөлшерде қан жоғалтқан.

    Дәрігерлер оқушының денсаулығын күні-түні бақылап, көмек көрсетіп жатыр. Баланың құлау дерегі бойынша полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

    "Кәмелетке толмаған қыз баланың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Биіктен құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Астана ПД баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Астанада 15-қабаттан құлаған 12 жасар қыздың жағдайы ауыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.