jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда колонияның бұрынғы басшысы ұсталды

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

    Алматыда қауіпсіздігі барынша төмен мекеменің бұрынғы басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы EgovPress арнасында Алматы қаласындағы №13 қауіпсіздігі барынша төмен мекеме бастығының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Хабарламада оның дәл кеңседе тұтқындалғаны айтылған.

    Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне қамауға алу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

    "Бұл адам ұсталған кезде ішкі істер органдарының қызметкері болмаған, құзырлы органдар оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

    Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген заңбұзушылыққа төзімсіздік таныту саясатын ұстанады және тергеу жүргізетін органдарға жан-жақты көмек көрсетеді", - делінген комитет хабарламасында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Павлодар облысында колония бастығының орынбасары ұсталды деген ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық ҚАЖД өкілдері түсінік берді.

    Алматыда колонияның бұрынғы басшысы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.