jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Пышақпен қорқытқан": Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды

    Пышақ ұстаған ер адам қызды қорқытуда
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_kz

    Әлеуметтік желіде қолына пышақ ұстаған ер адамның жерде отырған қызды шашынан ұстап, қорқытып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқиға орнынан видео Telegram-дағы Kris_p_Almaty парақшасында жарияланды. Кадрлардан видео әуежайда түсірілген деп топшылауға болады.

    "Полицейлер күдіктіні ұстады. Куәгерлер полиция қызметкерлері дер кезінде әрекет еткенін жазып жатыр", - делінген видео сипаттамасында.

    Әуежайдың баспасөз қызметі ақпаратты растады. Оқиға бүгін, 7 наурызда ұшу алдындағы тексеру аймағында болған.

    "Жергілікті уақыт бойынша шамамен 11:45-те ішкі рейстерге арналған терминалдың ұшу алдындағы тексеру аймағына өзін жолаушы ретінде таныстырған ер адам келді. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуді сұраған, ол бұған жауап ретінде тексеру қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастаған.

    7 минуттан кейін ер адамды әуежай аумағындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта ер адам желілік полиция бөлімінде және бұл оқиғамен қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр", - деп хабардар етті әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.

    "Пышақпен қорқытқан": Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.