jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған адамның ұсталған сәтінен видео тарады

    ұстау сәті
    Видеодан кадр: Instagram/kris_p_almata

    Алматы әуежайының ішкі терминалында қызметкерді пышақпен қорқытып, кепілген алды деген ер адамның ұсталған сәтінен видео тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram желісіндегі kris_p_almata парақшасында жарияланған кадрлардан пышақ ұстаған адамның өзіне жақын тұрған ер адамның қолын ұстап, сөйлеп тұрғанын байқауға болады. Сәлден кейін күдікті бейқам тұрған сәтте ер адам одан пышақты тез тартып алған, содан соң полиция қызметкерлері мен басқа да адамдар құқық бұзушыны ұстады.

    Еске сала кетейік, бүгін Алматыда ер адам әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқаны хабарланған болатын. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 минуттан кейін құқық бұзушыдан полиция қызметкерлері мен әуежайдағы азаматтардың көмегімен суық қаруы алынды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күдіктінің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

    Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алған адамның ұсталған сәтінен видео тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.