jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында тыйым салынған діни әдебиет таратты деген күдікті топ ұсталды

    Полицей күдіктінің қолына кісен салуда
    Күдікті мен полицей. Көрнекі фото: t.me/POLICE_of_KZ/11296

    Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни алауыздықты қоздыруға тырысқан топ ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ IІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының тұрғындары бар радикалды діни топтың әрекетін тоқтатқан.

    "Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан", - деді ІІМ өкілдері.

    Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

    "Жасалған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар.

    Түркістан облысында тыйым салынған діни әдебиет таратты деген күдікті топ ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.