RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Атырауда ер адам жалған АҚШ долларын сатумен айналысты деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

жалған ақша
Жалған АҚШ доллары. Видеодан кадр: polisia.kz

Атырауда ірі көлемде жалған АҚШ долларын сатумен айналысты деген ер адам ұсталды. Күдіктіден 8750 АҚШ доллары табылып, тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Атырау облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтаған.

Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ доллары, яғни, 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді.

Оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп сататындығы анықталды. Қазіргі таңда күдіктінің жалған ақшаны қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр. Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2229788-8750-dollar-tabyldy-atyrauda-er-adam-zhalgan-aqsh-dollaryn-satumen-ainalysty-degen-kudikke-ilindi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif