Желіде павлодарлық оқушы қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарады
Жарияланған күні:

Желіде оқушы қыздың өзімен шамалас қызды ұрып-соққан сәті түсірілген видео жарияланды. Оқиға Павлодарда болған. Жанжалға қатысқандар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Telegram-да "Молодой Кабылтаев" арнасында жарияланды.
Бейнежазбадағы оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.
Полиция мәліметінше, жанжалға қатысушылар анықталған. Ал кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілі бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
"Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия қарауына кәмелетке толмағандарды ШҚО-дағы Серебрянск қаласында орналасқан "Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа" жіберу туралы мәселе шығарылды.
Жасөспірімдер оқытылатын жалпы білім беретін мектептің әкімшілігіне құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсыныс жіберілді", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2230578-zhelide-pavlodarlyq-oqushy-qyzdar-arasyndagy-tobelesting-videosy-tarady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.