Ресейде бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікпен қазақстандық ұсталды
Жарияланған күні:

Павлодар облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Ресейде бизнестегі серіктесін өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды құзырлы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Ресейдің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында ұсталған.
"Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды. Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін тиісті шараларды жүзеге асырып жатыр", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша аталмыш қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында Павлодарда жоғалып кеткен қала тұрғынының денесі табылған еді. Бұл оқиғаға қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2231021-pavlodarda-biznestegi-seriktesin-oltirdi-dep-kudikke-ilingen-qazaqstandyq-reseide-ustaldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде