Қарағанды облысында лауазымды тұлға 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:

Қарағанды облысында департамент басшысы 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Анткиорға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық департаменттердің бірінің басшысына және оған бағынысты қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.
Департамент басшысы орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
"Сонымен қатар айыпталушылар жалған жұмыспен қамтылған қызметкерлердің шоттарына жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жалақы, сыйлықақы және іссапар шығыстарын негізсіз аудару арқылы адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда. Айыпталушылар сотқа тартылды", - делінген хабарламада.
Хабарламада Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтіні айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2232431-qaragandy-oblysynda-lauazymdy-tulga-1-mln-tengge-koleminde-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде