jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қостанай облысында екі адам үйден өлі табылды: қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған

    полиция көлігі
    Полиция көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қостанай облысында екі бірдей адам өлімі болды. Алдын ала мәлімет бойынша қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, кеше, 15 шілдеде Қарабалық ауылындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар екі адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс отбасылық жанжал кезінде жасалған.

    Бұл факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікті – 45 жастағы Қарабалық ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды.

    Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалып, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.

    Қостанай облысында екі адам үйден өлі табылды: қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.