jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Арқанға байлап, атпен сүйреген": Жетісуда кісі қолынан қаза тапқан әйелге қатысты іс тергеліп жатыр

    Тәртіп сақшысы
    Тәртіп сақшысы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде "Жетісу облысы Ақсу ауданында жас әйел бірнеше сағат бойы азаптаудан кейін өлді" деген ақпарат тарады. Қайғылы жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атап айтқанда, аталған қылмыс туралы журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Марқұмның туыстарының айтуынша, 32 жастағы келіншек екі жасар қызының көзінше аяусыз өлтірілген. Қылмысты жасады деген күдікті – күйеуі.

    Туыстарының сөзінше, алдымен жанжал болған, кейін бірнеше сағат бойы азапталған, содан соң әйелді аяусыз соққыға жыққан.

    Журналистің айтуынша, медициналық қорытындыда келесі жарақаттар көрсетілген: жабық бас-ми жарақаты, бас миының контузиясы мен ісінуі, бас сүйегінің сынығы, аяқ-қол мен жамбас сүйектерінің көп жерден сынуы, терісіндегі сүйрету іздері.

    Марқұмның туыстары оны білегінен арқанмен аттың ер-тұрманына байлап, далада сүйреген деп есептейді.

    "Бұрынғы замандағы өлім жазасына кесу ғұрыптарындағыдай, олар оны байлап, сүйегі көрінгенше сүйреген", - дейді марқұмның анасы жылап.

    Оның айтуынша, марқұмның күйеуінде шаруа қожалығы бар, жылқысы көп. Әйелді тек ұрып-соғып қоймай, шын мәнінде азаптаған деп күдіктенуге негіз бар: себебі жарақаттардың сипаты - тізесінің терісі жұлынған, саусақтары шығып, сынған, денесі қызыл еті көрінгенше сырылған.

    Туыстарының сөзінше, әйел жүкті болған. Және мұның бәрі оның екі жасар қызының көзінше болған-мыс. Бала қазір психологиялық шок жағдайында.

    Ал әйелдің күйеуі оны селфи жасап жатқанда екінші қабаттың терезесінен құлап қайтыс болғанын айтқан.

    Жетісу облыстық полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлағанындай, полицейлер жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Іс жүргізу аясында қылмыстың толық және объективті көрінісін анықтау үшін барлық қажетті қылмыстық-процессуалдық шара кешені жүргізіліп жатыр.

    Дәлелдер жиналып, мұқият сарапталып жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде. Барлық тараптың нұсқалары мен дәлелдері тексеріледі", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    ПД өкілдері тергеу әрекеттері процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделері қатаң сақтала отырып, заң аясында қатаң түрде жүргізілетініне сендірді. Кінәлі тұлғалар толық жауапкершілікке тартылады. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

    "Арқанға байлап, атпен сүйреген": Жетісуда кісі қолынан қаза тапқан әйелге қатысты іс тергеліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.