jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Мұрны сынған, есту қабілетінен айырылған": полицияға хабарласпақшы болған қазақстандық әйел соққыға жығылды

    Тұрмыстағы зорлық-зомбылық
    Тұрмыстағы зорлық-зомбылық. Фото: pixabay.com

    Желіде Алматы облысында түсірілген видео жарияланды. Одан бет-аузы қанға боялған әйелді байқауға болады, видеоны ер адам түсірген. Әйелге күйеуі қол көтергені айтылған. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Видеода – Шелек ауылының тұрғыны. Оның айтуынша, нашақорлыққа салынған күйеуі оны полицияға хабарласамын дегеннен кейін соққыға жыққан. Әйелдің мұрны сынған, құлағы зақымданған, қазір естімейді", - делінген жарияланған видеоның сипаттамасында.

    Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде.

    Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады", - деп толықтырды ведомство өкілі.

    Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Жетісу облысы Ақсу ауданында "жас әйел бірнеше сағат бойы азапталып өлтірілді" деген ақпарат тарады. Күйеуі күдікке ілінді.

    Марқұмның туыстары әйелді білегінен арқанмен аттың ер-тұрманына байлап, далада сүйреген деп есептейді.

    "Мұрны сынған, есту қабілетінен айырылған": полицияға хабарласпақшы болған қазақстандық әйел соққыға жығылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.