jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Полиция Жетісу облысындағы әйелдің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Жетісу облысының полициясы өңірде қаза болған әйелдің өліміне байланысты мәлімдеме жасап, жалған мәліметтерді таратпауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Полицияның мәліметінше, 2025 жылғы 22 маусымда Жетісу облысында қаза болған тұрғынның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

    "Күдікті тергеп-тексерудің алғашқы күндерінен бастап қамауда отыр.

    Қазіргі таңда іс бойынша тағайындалған бірқатар сот сараптамасының қорытындылары күтілуде. Сараптамалар дайын болған соң, прокуратура органдарының келісімімен күдіктінің әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға беріледі.

    Сонымен қатар әлеуметтік желілерде әртүрлі расталмаған ақпараттар таратылуда.

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

    Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, сондай-ақ тергеу барысына кедергі келтіріп, қоғамды жаңылыстыруы мүмкін жалған мәліметтерді жарияламауға және таратпауға шақырамыз", - делінген полицияның хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетісу облысының Ақсу ауданында ауыр азаптауға ұшырап, қаза болған 32 жастағы келіншек туралы ақпарат тараған еді.

    Полиция Жетісу облысындағы әйелдің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.