Астанада жолаушы такси жүргізушісін қауіпсіздік белдігімен тұншықтырды: оқиғаға қатысты полиция түсінік берді
Опубликовано:
Читать на русском
Желіде жолаушы қауіпсіздік белдігімен тұншықтырды деген такси жүргізушісі полицияға шағымданды. Күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жолаушы қауіпсіздік белдігімен тұншықтырғанын желіде айтқан такси жүргізушісінің ісіне қатысты тың мәліметті бөлісті. Полиция департаменті өкілдері бұған дейін жүргізушіге құзырлы органдарға жазбаша арызбен жүгінуді ұсынған.
"Осы оқиғаға қатысты полицияға Астана қаласының тұрғыны арызданды, ол өзіне шабуыл жасалғанын хабарлады. Қазір жолаушының жеке басы анықталды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушының әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ескерту! 18+! Бейнежазбада бейәдеп сөздер бар!
Еске сала кетейік, астаналық такси жүргізушісі бұған дейін жолаушы күтпеген жерден көліктің артқы орындығына ауысқанын, "қауіпсіздік белдігін жұлып алып, ер адамды тұншықтыра бастағанын" айтқан. Такси жүргізушісінің сөзінше, ер адам сол кезде бейәдеп сөздер айтқан.
Жүргізуші өзін құтқару үшін басқа көліктің алдын кесіп өтуге және апатты жағдай тудыруға мәжбүр болды-мыс.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз