jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

    Перизат Қайрат
    Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

    Прокурор сот жарыссөзінде Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Прокурор Перизат Қайраттың қорға миллиардтаған теңгені қалай тартқанын, кейін оны әртүрлі жолмен шығарып, жеке қажеттілігіне қалай пайдаланғанын тағы бір рет еске сала отырып, оған және анасына жаза сұрады.

    "Перизат Қайратты кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар 10 жылға бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ 10 жыл бойы қайырымдылыққа қаражат жинауға тыйым салуды ұсынамыз", - деді прокурор.

    Прокурорлар Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды.

    Балаларға көмектесу үшін жиналған ақшаны жымқыру

    Прокурордың мәліметінше, айыптың бірінші эпизоды қайырымдылық фестивальдері мен балаларға көмектесу үшін жиналған 126 млн теңгеден астам ақшаны жымқыруға қатысты.

    Палестина үшін қаражат жинау кезінде ақша жымқыру

    Екінші эпизод Палестинаға қаржылық көмек жинауға қатысты – онда 559 млн теңгеден астам соманы ұрлау туралы сөз болып отыр. Прокурорлар ақшаның қалай жұмсалғанын айтып берді – онымен көліктер, жылжымайтын мүліктер, гүл дүкендері және т.б. сатып алынған. Сондай-ақ Перизат Қайрат жалған төлем құжаттарын жасады деп те айыпталып отыр.

    Су тасқыны үшін жиналған қаражатты ұрлау

    Айыптаушы тараптың пікірінше, су тасқыны кезінде Перизат Қайрат "ерекше цинизм" танытып, өзін әлеуметтік желіде адамдарға көмектесу үшін белсенді әрекет етіп жүргендей көрсеткен, сондай-ақ қаражат жеткіліксіз екенін айтқан.

    Прокурорлардың хабарлауынша, жиналған ақшаны Перизат Қайрат бірнеше жеке кәсіпкердің көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырып, "қытай сөмкелеріне" салып алған. 2 млрд теңгеден астам ақша ұрланған деген болжам бар – Перизат Қайрат элиталық жылжымайтын мүлік, көліктер, автотұрақ, т.б. сатып алған.

    Айта кетейік, кеше, 21 шілдеде Перизат Қайраттан сотта жауап алынды. Ал оның анасы жауап беруден бас тартты.

    Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 14 қарашада қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

    Қаржылық мониторинг агенттігі ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

    Сол кезде ҚМА өкілдері қайырымдылық үшін жіберілген қаражаттың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалғанын хабарлаған еді.

    Биылғы наурызда Перизат Қайрат басқарған "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі мәжбүрлі түрде таратылатыны хабарланды.

    9 шілдеде Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты ісі бойынша сот процесі басталды. Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот ішінара жабық өтуде.

    Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.