jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жамбыл облысында атыс болды: төрт адам жараланды

    Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде төрт адам травматикалық қарудан жараланды. Олар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілдеде сағат 21:30 шамасында Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылында оқ жарақатын алған төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді.

    Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

    Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

    Жамбыл облысында атыс болды: төрт адам жараланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.