jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Павлодарда ағзасын сатпақ болған шетел азаматы ұсталды

    Қолы кісенделген әйел
    Қолы кісенделген күдікті. Иллюстрациялық фото: fotoember / Getty Images

    Павлодарда полиция адам ағзасын сату әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақпараттық медиапорталдың жазуынша, шілде айының ортасында жедел қызметкерлерге Павлодарға бүйрегін сату мақсатында көрші мемлекеттің азаматы келгені туралы жедел ақпарат келіп түскен. Баға мен шарттарды талқылағаннан кейін ол ағзасын сатуға келісім берген.

    "ҰҚҚКБ қызметкерлері күдіктіні келісілген ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

    Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сату, сатып алуға тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

    Павлодарда ағзасын сатпақ болған шетел азаматы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.