jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Джей Лоның Астанадағы концертінде тәртіп бұзды деген әйел полиция қызметкерінің жұбайы болып шықты

    Джей Лоның концертінде болған жағдай
    Джей Лоның концертінде болған жағдай. Видеодан кадр: t.me/kozachkow

    Астанада Дженнифер Лопестің концертінде жанжал шыққан. Кейін сол жағдайға полиция қызметкерінің жұбайының қатысы бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Астана полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Тelegram-дағы Kozachkov offside арнасы бірер күн бұрын Дженнифер Лопестің концертінде болған әйелдер арасындағы төбелес туралы ақпарат жариялаған еді.

    "Ең белсенді "ММА жауынгерін" стадионнан көтеріп алып шықты. Оны білетіндер Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасарының әйелі екенін айтады", - делінген жазбада.

    Бүгін Астана полиция департаменті өкілдері бұл жазбаға қатысты пікір білдірді.

    "Концерт кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге қатысты оқиға болды. Жанжалдың өршуіне жол бермеу үшін оны полиция қызметкерлері шара өтетін жерден алып кетті. Тексеру нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды.

    Одан бөлек аталған азамат полиция қызметкерлерінің бірімен некеде екенін хабарлаймыз. Бұл факт оның әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етпейді. Бұл қоғамдағы мінез-құлық үшін адам жоғары дәрежеде жеке жауапкершілік арқалайтынын білдіреді. Барлық азамат заң алдында тең. Ішкі істер органдары қызметкерінің отбасы мүшесі болудың ешқандай артықшылығы жоқ. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында", - деді департамент өкілдері.

    Джей Лоның Астанадағы концертінде тәртіп бұзды деген әйел полиция қызметкерінің жұбайы болып шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.