jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алакөлде 17 жастағы бозбала cуға батып кетті

    Алакөл көлі
    Алакөл көлі. Фото: Ukususha / Getty Images

    Алакөлде 17 жастағы бозбала суға батып кетті. Ол жағадан 500 метр жерде катерден суға секірген. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 32 жастағы катер иесіне қатысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Қайғылы оқиға Алакөлдің Абай облысы аумағында болды.

    "Суға түсуге арналмаған аумақта, жағадан 500 метрдей қашықтықта 17 жастағы бозбала құтқару кеудешесін кимей, катерден суға секіріп, батып кетті" - деді Абай облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар кешені тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Алакөлде 17 жастағы бозбала cуға батып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.