jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қашықтан бухгалтерлік қызмет көрсету": елордада 49 жастағы әйел 12 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

    Есепші
    Есепші. Көрнекі фото: Getty Images

    Астанада бухгалтерлік қызмет атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Елорда полицейлері 49 жастағы әйелді алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.

    Ведомстволық басылымның мәліметінше, ол жұмыс берушімен бухгалтерлік қызмет көрсетуге келісімшарт жасасып, ешқандай міндетін орындамаған.

    Бұл дерек Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әшкереленді. Мәліметке сүйенсек, күдікті қашықтан бухгалтер қызметін ұсынып отырған. Жеке кәсіпкермен ірі көлемдегі ақша қаражатын аудару мәселесі бойынша келісім жасаған соң, ол ақшаның бір бөлігін өзіне иемденіп кеткен.

    Материалдық шығын – 12 млн теңге.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

    Полиция бейтаныс адамдармен келісімшарт жасасқанда қырағылық танытуға шақырады.

    "Қашықтан бухгалтерлік қызмет көрсету": елордада 49 жастағы әйел 12 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.