jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды

    Хасан Қасымбаев
    Хасан Қасымбаев. Видеодан кадр: YouTube/ONews kz

    Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Kazinform.

    Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша айып тағылып отыр.

    Төрағалық етуші судья Айнагүл Тұқыбаева сот отырысына БАҚ өкілдерінің қатысуына рұқсат берді. Алайда жәбірленушілер мен айыпталушыларды және басқа да сот процесіне қатысушыларды түсіруге тыйым салды.

    Еске сала кетейік, 2024 жылы қарашада желіде "Талғардағы ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі" делінген Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Полиция мәліметінше, азамат К. 2021 жылдың маусым айында азамат А.-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген күдікпен 2024 жылғы 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.