jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Біреуінде автомат, екіншісінде пышақ": Алматыда Сайран көлінің маңындағы жанжалға қатысы бар жастар ұсталды

    оқиға орны
    Оқиға орнынан фото: t.me/egovpress

    Алматы полицейлері Сайран көлінің маңында болған жаппай төбелестің алдын алды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Жанжалға қатысқандардың бірінде қару макеті болғаны айтылады.

    Telegram желісіндегі EgovPress арнасында бүгін таңертең "Сайран көлі маңындағы мекемелердің бірінде жаппай төбелес болды" деген ақпарат жарияланды.

    "Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қатысушылардың бірінде Калашников автоматы, екіншісінде пышақ болған", - делінген жазбада.

    NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

    "Бүгін таңертең Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жастардың өзара араздығы негізінде туындаған топтық жанжалдың алдын алды. Жедел түрде алынған ақпараттың арқасында жанжал дер кезінде тоқтатылды.

    Оған қатысқандардың бәрі анықталып, ұсталды. Тінту кезінде қатысушылардың бірінен басқаларға қауіпті емес Калашников автоматына ұқсас макет тәркіленді", - делінген хабарламада.

    "Біреуінде автомат, екіншісінде пышақ": Алматыда Сайран көлінің маңындағы жанжалға қатысы бар жастар ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.