jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    1 қыркүйекте Таразда оқушы қаза тапты

    жанжал
    Көрнекі фото: pexels.com

    1 қыркүйекте Таразда құрдасымен төбелескен мектеп оқушысы қайтыс болды. Жамбыл облысының полиция департаменті аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тараздағы оқиға туралы Telegram-дағы Halyqstan арнасы жазды.

    "1 қыркүйекте қаладағы шағын аудандардың бірінде полицейлер пышақ жарақатын алған 14 жастағы оқушының денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, соққы жүрек тұсынан болған", - делінген жазбада.

    Сондай-ақ желіде адам өлтіру оқиғасы мен төбелес мектеп аумағында болмағаны және жасөспірімдердің бұрын бірімен-бірі таныс еместігі туралы ақпарат шықты. Жанжал тұрмыстық себептерден туындағаны хабарланды.

    Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті түсінік берді. Ведомстводағылар аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

    "Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полицейлер.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.

    1 қыркүйекте Таразда оқушы қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.