jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында әнші тойда өнер көрсетіп тұрған кезде соққыға жығылды (видео)

    Ер адам әншіге қол көтерді
    Ер адам әншіге қол көтерді. Видеодан кадр: instagram.com/azoda.tolaevna

    Әнші Азода тойда өнер көрсетіп тұрған кезінде соққыға жығылғанын хабарлады. Түркістан облысының полицейлері оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды KAZNUR.KZ.

    Оқиға кезінде түсірілген кадрларды әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

    Бейнежазбада той үстінде микофонмен ән айтып тұрған әйелге ер адамның қол көтергенін байқауға болады. Артынша әртістің өнерін видеоға түсіріп жатқан адам оған көмекке жүгірген, оқиғадан соң әйелдің жерде отырғанын көреміз.

    Сондай-ақ әншінің желідегі парақшасында өзіне бірнеше рет соққы жасалғаны көрінетін басқа ракурстан түсірілген видео жарияланды.

    Кейін Азода үндеу жариялады, онда ол 31 тамызда неке сарайындағы той кезінде бұрынғы қайынатасы шабуыл жасағанын мәлімдеді.

    Ол ер адам заң бойынша жазаланады деп үміттенеді.

    NUR.KZ тілшісіне облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша "Ұрып-соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады", - деді департаменттегілер.

    ПД өкілдері тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайтынын айтты.

    Түркістан облысында әнші тойда өнер көрсетіп тұрған кезде соққыға жығылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.