jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ерболат Жанабыловқа қатысты іс сотта қаралып жатыр: блогердің курстары тексерілді

    қазақстандық блогер
    Блогер Ерболат Жанабылов. Фото: instagram.com/zhanabylov_e/

    Астана сотында заңсыз лотерея өткізді деп айыпталған блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты іс қаралып жатыр. Айыптаушы тарап оның курстарын сынақ үшін сатып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Блогер Жанабыловтың сотқа айтуынша, оның курстарын сатып алғандар кейін ұтыс ойынына қатысқан – олар барабан айналдырып, жүлде ұтқан. Ұтысқа ақша, iPhone және автокөлік тігілген.

    Айыптаушы тарап бұл заңсыз лотерея екенін айтты. Сонымен қатар олар Жанабыловтың курстарын сынақ үшін сатып алғанын және бұған дейін айтылған мазмұнға сәйкес келмейтіндіктен курстан ешқандай құндылық таппағанын мәлімдеді. Прокурорлар курстың бағасы тым жоғары қойылған деп те айтты.

    Судья Жанабыловтан ұтыс ойынын өткізуге рұқсат алған-алмағанын сұрады. Ол рұқсат алмағанын айтты.

    Айта кетейік, бүгін Астана сотында Ерболата Жанабыловқа қатысты іс қаралып жатыр. Сот отырысы барысында судья блогердің әйелін сот залынан шығуды сұрады.

    "Сізге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1 бабы 6-бөлігімен хаттама толтырылғандықтан, сіздің іс нәтижесіне қызығушылығыңыз болуы мүмкін. Сондықтан сот залынан шығуыңызды, өтінемін", - деді судья.

    Ерболат Жанабыловқа қатысты іс сотта қаралып жатыр: блогердің курстары тексерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.