jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Тіліне сегіз тігіс салынды": Талғарда ұрланған бүлдіршінге қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Ауруханада жатқан бала
    Ауруханада жатқан бала. Көрнекі фото: AgFang/Getty Images

    Адвокат Гаухар Сарыева Талғарда болған қанды қылмыс туралы жаңа деректерді жариялады. Сөзінше, ұрланып, кейін арнайы жасақтың көмегімен құтқарылған кішкентай қызға хирургиялық ота жасалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Гаухар Сарыева бұған дейін Талғардағы төтенше жағдай туралы хабарлаған болатын. Адвокат белгісіз азамат ер адамды атып өлтіріп, бүлдіршінді ұрлап кеткенін жеткізді. Бұл ақпаратты полиция өкілдері растады.

    Кейін Сарыева Instagram-дағы парақшасында кішкентай қыздың жағдайы туралы айтты. Қорғаушы Stories-те ұрланған бүлдіршінге хирургиялық ота жасалып, тіліне сегіз тігіс салынғанын хабарлады.

    Адвокаттың мәліметінше, қылмыскер полицейлерден қашып жүріп, қызды көлікпен бірге жардан құлатып алған. Соның салдарынан бүлдіршін жарақат алып, денесі көгеріп, сызаттар пайда болған.

    "Қылмыскер көлікті қызбен бірге жардан тастап жіберді. Бүлдіршін жарақаттарды сол кезде алды, оған қол тигізбеген. Ол шынымен аман қалғанына шүкір", — деп жазды Сарыева.

    "Тіліне сегіз тігіс салынды": Талғарда ұрланған бүлдіршінге қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.