jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ер адамды өлтіріп, баланы ұрлап кеткен": Талғардағы полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

    Прокуратура қызметкері
    Прокурор. Көрнекі фото: facebook.com/GenProkRK

    Талғарда ер адамның өлімі мен кішкентай қызды ұрлап кету жағдайынан кейін лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның ресми ақпаратына сәйкес, 6 қыркүйекте облыс прокуратурасы Талғар ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігі фактісі бойынша (ҚК 370-бабы 4-бөлігі) қылмыстық іс қозғады. Прокуратураның хабарлауынша, олардың тарапынан зорлау жасады деген күдіктіні ұстау және қажетті шаралар қабылдау бойынша әрекет жасалмаған. Салдарынан күдікті Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылында ер адамды өлтіріп, кәмелетке толмаған қыз баланы ұрлаған.

    Аталған қылмыстық іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауында тұр. Прокуратура жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеді және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

    Айта кетейік, бұған дейін адвокат Гаухар Сарыева Талғардағы оқыс оқиға туралы хабарлаған болатын. Адвокат белгісіз азамат ер адамды атып өлтіріп, бүлдіршінді ұрлап кеткенін жеткізді. Бұл ақпаратты полиция өкілдері растады.

    Кейін Сарыева Instagram-дағы парақшасында кішкентай қыздың жағдайы туралы айтты. Қорғаушы Stories-те ұрланған бүлдіршінге хирургиялық ота жасалып, тіліне сегіз тігіс салынды.

    "Ер адамды өлтіріп, баланы ұрлап кеткен": Талғардағы полицейлердің әрекетсіздігіне байланысты іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.