jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Калашников автоматы, тапанша, ойық мылтық: Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

    Тәркіленген қарулар
    Тәркіленген қарулар. Видеодан кадр: ҚР ІІМ

    1 қыркүйектен бастап Қазақстанда республикалық "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның барысында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар да табылған, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынып, қару жасырылған 12 қойма анықталған.

    Сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленген. Олар: Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұңғылы қару, қызметтік бронежилеттер мен каскалар.

    Азаматтар 15 қаруды өз еркімен тапсырған.

    "21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.

    Калашников автоматы, тапанша, ойық мылтық: Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар тәркіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.