jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БҚО-да аудандық кітапхана есепшілері 46 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

    Теңге және калькулятор
    Ақша. Иллюстрациялық фото: amixstudio / Getty Images

    Батыс Қазақстан облысының Экономикалық тергеу департаменті "Теректі ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

    Басылымның тергеу нұсқасына сүйеніп хабарлауынша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі мен есепшісі 2023-2025 жылдар аралығында қылмыстық келісімге келіп, жоқ тұлғаларға ай сайынғы еңбекақы төлемін есептеп отырған. Олар ақшаны өздерінің шоттарына аударған. Осылайша мемлекетке 45,9 млн теңге залал келтірілген.

    "Департамент қызметкерлері қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өндірілді", - деп хабарлады басылым тілшісіне Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдері.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.

    БҚО-да аудандық кітапхана есепшілері 46 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.