jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жамбыл облысында соққыға жығылған жасөспірім қаза тапты

    Жасөспірім бала
    Жасөспірім бала. Көрнекі фото: freepik.com

    Жамбыл облысында оқушы соққыға жығылып, ауыр жарақат алды. Ол үйіне жеткізілгенімен, жедел жәрдем келгенше қаза тапты, деп жазды Kazinform агенттігінің өңірдегі меншікті тілшісі.

    Қайғылы жағдай Шу ауданының Көкқайнар ауылында болған. Агенттік мәліметінше, футбол матчынан кейін жеңілгенін мойындағысы келмеген үш жоғары сынып оқушысы дүкен артында кіші сынып оқушыларын жинап, оларды аяусыз соққыға жыққан.

    Алдын ала мәліметке сәйкес, 2007 жылғы жасөспірім 2010 жылғы баланың кеуде тұсына соққы жасаған. Соққы алған жасөспірім есінен танып қалған. Жасөспірімнің соққыға жығылғанын анасына дүкен сатушысы хабарлаған. Үйіне жеткізілген бала жағдайы нашарлап, құсып, демала алмайтынын айтқан. Өкінішке қарай, дәрігерлер көмек көрсетіп үлгермеді. Жасөспірім қаза тапты.

    Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Жедел-іздестіру нәтижесінде 16 және 17 жастағы екі күдікті ұсталды. Іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр, деп сендірді полиция департаменті өкілдері.

    Жамбыл облысында соққыға жығылған жасөспірім қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.