Блогер Ерболат Жанабыловтың әйеліне қандай айып тағылып отыр
Опубликовано:
Читать на русском
Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысының алдында адвокат Олег Чернов оған қандай айып тағылып отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысы сағат 11:00-де басталды.
Журналистер адвокаттан оған қандай айып тағылып отырғанын сұрады.
"Күйеуіне қандай айып тағылса, оған да сондай, заңсыз лотерея қызметіне қатысу", - деді ол.
Кейін сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды. Оған сәйкес Эльмира Төлегенова ( күйеуі Ерболат Жанабыловтың ісі бойынша аталған курстар) сатқан курстарда интернетте бұрыннан бар, барлығына қолжетімді ақпарат қамтылғаны айтылды.
Еске сала кетейік, Туризм және спорт министрлігі танымал отандық блогерлердің аккаунттарында ұйымдастырылған конкурсқа қатысты мәлімдеме жасаған еді.
Кейін Жанабыловтардың Instagram желісіндегі көлік ұтысына байланысты іс сотта тіркелгенін хабарлағанбыз. Істі Астанадағы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қарауға қабылдады.
Ерболат Жанабыловқа қатысты сот отырысында блогердің курстары тексерілгені белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2286319-bloger-erbolat-zhanabylovtyng-aieline-qandai-aiyp-tagylyp-otyr/