Блогер Жанабыловтың ісі әкімшілік емес, қылмыстық сипатқа ие болуы мүмкін
Опубликовано:
Читать на русском
Елордада сот блогер Ерболат Жанабыловтың ісі бойынша шешім шығарды. Іс әкімшілік баппен емес, қылмыстық баппен қайта сараланады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Сот Ерболат Жаyабыловқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігімен қозғалған іс бойынша өндірісті қылмыстық істің болуына байланысты қысқарту туралы қаулы шығарды. Іс Астана қалалық Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді", - деді судья.
Судьяның айтуынша, сот блогер Жанабыловтың әрекетінен заңсыз кәсіпкерлікті көргендіктен іс қайта саралануы керек деп шешкен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2286507-bloger-zhanabylovtyng-isi-akimshilik-bap-qylmystyq-bapqa-ozgertildi/