Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды
Опубликовано:
Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.
Мақсат Дүйсенов бұған дейін халықаралық іздеуде болған. Бұрынғы бас көлік прокурорын Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында Германия құқық қорғау органдары Фюрт қаласында қамауға алды.
"ҚР ІІМ Интерпол ҰҚБ-ның сұрауы бойынша Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздеудегі тұлғаны неміс құқық қорғау органдары Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықтап, қамауға алды", — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2289639-qazaqstannyng-buryngy-bas-kolik-prokurory-germaniiada-ustaldy/