Атырауда 9 жастағы баланың аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды
Опубликовано:
Читать на русском
Атырауда ойын алаңында 9 жастағы баланың аяусыз соққыға жығылғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Атырауда болған жайттың видеосы Instagram желісіндегі Egov.press арнасында жарияланды. Кадрлардан ашық түсті жейде киген ер адам баланы бірнеше рет ұрған, содан кейін қасындағылар жүгіріп келіп, оны тоқтатқанын көруге болады. Содан кейін ер адам ол жерден қашып кеткен.
"Алмагүл ықшамауданында белгісіз жігіт себепсіз балаларға келіп, тоғыз жасар баланы аяусыз соққыға жыққан. Күдікті әлі ұсталған жоқ", - делінген жазбада.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырауда аулада 9 жастағы баланың соққыға жығылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Қазір күдіктіні анықтау және ұстау бойынша бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, оқиға куәгерлерінен жауап алынуда", - деп атап өтті департаменттегілер
Бала жеңіл жарақат алған. Оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2289856-atyrauda-9-zhastagy-balanyng-aiausyz-soqqyga-zhygylgan-sati-videoga-tusip-qaldy/