Таразда автобус жүргізушісі мас күйде жолаушы тасымалдаған
Опубликовано:
Читать на русском
Таразда полицейлер көлікті мас күйде жүргізген автобус жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды полицияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары күдік тудырған жолаушылар автобусын тексеру үшін тоқтатқан. №17 бағыттағы автобустың 55 жастағы жүргізушісі көлікті мас күйде жүргізгені анықталды. Медициналық сараптама оның қанында алкоголь барын растады.
Нәтижесінде жүргізуші Әкімшілік құқықбұзулықы туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды – ол 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға куәлігінен айырылды.
"Алкоголь ішіп көлік жүргізу жол қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және қатаң жауапкершілікке әкеп соғады" - деп еске салды полиция.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2290656-tarazda-avtobus-zhurgizushisi-mas-kuide-zholaushy-tasymaldagan/