jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарағандыда полиция пунктінен әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды

    Полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: polisia.kz

    Қарағандыда полиция бөлімшесінен әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан учаскелік полицей табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция бөлімшесінен әйелдің денесі табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр.

    Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.

    Тергеудің объективті болуы үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеріс тағайындалды.

    Барлық әрекет жан-жақты тексеріліп, кінәлілер қатаң жауапқа тартылады.

    "Азаматтарды жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырамын. Бұл іс менің жеке бақылауымда", - деді Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы Нығмет Исмағұлов.

    Қарағандыда полиция пунктінен әйелдің денесі мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.