jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодар облысында іс-шара кезінде ауыл әкімі мен фельдшер арасында жанжал шықты

    ер адам
    Ер адам. Көрнекі фото: masamasa3 / Getty Images

    Желіде Павлодар облысындағы ауыл округінің әкімі мен фельдшер арасында жанжал болғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы арналардың бірінде Павлодар облысындағы ауыл округінің әкімі мен Екібастұз қалалық ветеринарлық станциясының фельдшері арасында жанжал болғанын хабарлады. Арнаның мәліметінше, фельдшердің миы шайқалып, бетіне зақым келген.

    Павлодар облыстық полиция департаменті Instagram парақшасында оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желіде ауылдық округ әкімі мен фельдшер арасындағы жанжал туралы ақпарат тарап жатыр.

    "Оқиға кешкі уақытта, қызметтік міндеттерін атқаратын уақыттан тыс мезгілде, бір іс-шараға қатысқан кезде болған.

    Ол тұрмыстық сипаттағы жағдай болды, ал кәсіби қызметіне қатысы жоқ. Жанжалдасқан тараптар татуласты, бір-біріне шағымы мен наразылығы жоқ", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Павлодар облысында іс-шара кезінде ауыл әкімі мен фельдшер арасында жанжал шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.