"Сөмкесінен пышақ алып шықты": Алматыда жол бойындағы жүргізушілердің төбелесі видеоға түсіп қалды
Опубликовано:
Читать на русском
Алматыда барахолка маңындағы жол бойында жанжал шығарған адамдар іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы Krispastana арнасы Алматыдағы барахолка маңында жүргізушілер арасында жанжал шыққаны туралы видео жариялады.
"Алматыда барахолка аумағында жүргізушілер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Жанжал кезінде қатысушылардың бірі сөмкесінен пышақ алып шықты.
Оқиғаға куә болғандар жанжалды тоқтатуға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға тырысты", - делінген жазбада.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Жанжалға қатысқандар анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізілуде, олардың әрқайсысының әрекеті жан-жақты тексеріліп, тергеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.
Бұл ретте полиция қызметкерлері кез келген жанжал тек заң шеңберінде шешілуге тиіс екенін ескертеді. Агрессия мен зорлық-зомбылық дау шешудің құралы емес және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі", - деді полиция.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2293994-somkesinen-pyshaq-alyp-shyqty-almatyda-zhol-boiyndagy-zhurgizushilerding-tobelesi-videoga-tusip-qaldy/