jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Арқалықтағы науқас өлімі: хирург мас күйде ота жасады деген күдікке ілінді

    Ота жасап жатқан хирургтар
    Ота жасап жатқан хирургтар. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Үкіметте өткен брифингте денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай облысында ота кезінде науқастың қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Журналист Арқалық қаласында операция кезінде науқастың қайтыс болғанын атап өтті. Оның сөзінше, хирург мас күйде операция жасады деген күдікке ілінген.

    "Ол жерде Фармацевтикалық бақылау департаменті өкілдері жұмыс істеп жатыр. Облыстық полиция департаментінде тиісті іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша түсінік береміз. Полиция департаменті нақты мәлімет бермей отыр, бірақ біз өз тарабымыздан маман тағайындадық", - деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

    "Қостанай жаңалықтары" басылымының хабарлауынша, Қостанай облыстық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісінің жасаған операциясынан кейін науқас қайтыс болған. 61 жастағы ер адам операция үстелінде көз жұмды.

    "Баласы әкесінің қайтыс болғанын операция бөлмесіне кірген кезде дененің жаймаға оралып жатқанын көргенде білген. Марқұмның туыстары дәрігерді аурухана аумағында тоқтатып алған.

    Әсел Оспанованың қызының айтуынша, полиция шақыртып, дәрігерді медициналық тексеруге алып кеткен. Онда хирургтың мас болғаны анықталды", - деп жазады басылым.

    Арқалықтағы науқас өлімі: хирург мас күйде ота жасады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.