jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қызылордада мектеп оқушысы пышақ жарақатын алды

    Пышақ ұстаған жасөспірім
    Пышақ ұстаған жасөспірім. Көрнекі сурет: Uwe Umstatter / Getty Images

    Қызылордада 15 жастағы мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасалды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Шабуыл жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

    "Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.

    Қылмыстық істі тергеу барысын полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алды.

    Қызылордада мектеп оқушысы пышақ жарақатын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.