jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жетеуі анықталды": Зәкиева Алматы облысында жетім қызды зорлау ісіне қатысты мәлімдеме жасады

    Жылап отырған қыз
    Жылап отырған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

    Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Алматы облысында жетім қызға топтасып зорлық көрсету фактісіне қатысты істің тергелу барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Балалар омбудсмені Динара Зәкиева әлеуметтік желіде өзіне келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, Алматы облысында жетім қызды топтасып зорлау дерегі бойынша тергеу қалай жүріп жатқаны туралы ақпаратты жариялады.

    "Кәмелетке толмаған жеті жасөспірім анықталды. Тергеу жүргізілуде. Дүйсенбіден бері оқиға орнында облыстық балалар құқығы жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді Зәкиева.

    Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын желіде Алматы облысында мектеп жасындағы жетім қызды топтасып зорлау фактісі туралы ақпарат тарады. Полиция, Оқу-ағарту министрлігіндегілер және әкімдік өкілдері ақпаратқа қатысты түсінік берді. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, мектеп директоры оқиғаны білген соң полицияға хабарласқан.

    "Жетеуі анықталды": Зәкиева Алматы облысында жетім қызды зорлау ісіне қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.