jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "71 жастағы туысынан жүкті болып қалды": Түркістан облысында мектеп оқушысы босанды

    жүктілік
    Жүктілік. Көрнекі фото: pexels.com

    Желіде Түркістан облысында 15 жасар қыздың 71 жастағы туысынан жүкті болып қалғаны туралы ақпарат тарады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақпарат Telegram желісіндегі "Криминальный Казахстан" арнасында жарияланды.

    "15 жастағы қыз көрші тұратын 71 жастағы туысынан жүкті болып қалған. Жақындарының айтуынша, олар қыздың бала көтергенін жүктіліктің жетінші айында ғана білген. Оқушы қыз ақпанда босанды.

    Болған жайттан кейін ауыл тұрғындары күдіктінің отбасынан ауылдан көшіп кетуді талап етті", - делінген жазбада.

    Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, Келес ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты заңсыз әрекеттерге қатысты арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп атап өтті ПД бастығы Мұрат Қабденов.

    Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

    Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында тоғызыншы сынып оқушысы босанғанын хабарлаған едік. Күдікті анықталып, қамауға алынды.

    "71 жастағы туысынан жүкті болып қалды": Түркістан облысында мектеп оқушысы босанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.