jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жанжал төбелеске ұласты: полиция Ержан Бабақұмаровтың қазасына қатысты тың деректерді мәлім етті

    Ержан Бабақұмаров
    Ержан Бабақұмаров. Фото: primeminister.kz

    Өткен түнде елордада Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Алдын ала анықталған мәлімет бойынша бұрыннан таныс тұлғалар арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Алған жарақатының салдарынан 56 жастағы ер адам қайтыс болды", - деп хабарлады полиция өкілдері.

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Бұған дейін желіде Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол 2019-2022 жылдар аралығында қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

    Жанжал төбелеске ұласты: полиция Ержан Бабақұмаровтың қазасына қатысты тың деректерді мәлім етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.