jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

    Жылап отырған қыз
    Жылап отырған қыз. Көрнекі фото: pexels.com

    Желіде Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде 12 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Облыстық Полиция департаменті қылмысқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram желісіндегі EGOV.PRESS арнасының хабарлауынша, 12 жастағы қызды зорлады деген күдікті кәмелет жасқа толмаған, ол қазір ұсталған.

    Алматы облысының Полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен оған қатысты уақытша ұстау изоляторына қамау шарасы қолданылды.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған жеделтергеп-тексеру шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

    Сонымен қатар күдіктінің заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

    Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.