jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Рудный қаласының экс-прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін сотталды

    Прокурор
    Прокурор. Иллюстрациялық фото: gov.kz

    Қостанайда Рудный қаласының бұрынғы прокурорына сот үкімі шықты. Оған құрылыс басқармасын тексеруді тоқтату үшін 20 млн теңге пара алмақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ТоболИнфо"-ға сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, сотталушы өз кінәсін мойындады, сондықтан іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Үш тыңдаудан кейін сот үкімді жариялады.

    Рудный қаласының бұрынғы прокуроры сот үкімімен 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ өмір бойына қандай да бір мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Ал жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтейді. Сондай-ақ ол "аға әділет кеңесшісі" атағынан айырылды.

    Сотталушының балаларының болуы, өкінуі, кінәсін мойындауы жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде саналды

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстағанын хабарлағанбыз.

    Рудный қаласының экс-прокуроры 20 млн теңге пара алғаны үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.