jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Талдықорғанда полиция қызметкері мас күйде жол-көлік оқиғасына тап болды": Полиция департаменті өкілдері түсінік берді

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Желіде Талдықорғанда мас күйде рульге отырған полиция қызметкері жол-көлік оқиғасына тап болды деген ақпарат тарады. Жетісу облыстық Полиция департаменті жол апатына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Талдықорғанда полиция қызметкері мас күйде жол-көлік оқиғасына тап болды, ал жол апатынан 60 жастағы әйел жарақат алып, сүйегі сынған. Құқық бұзушы қызметінен босатылды", - деп жазды Telegram желісіндегі Jagdai арнасы.

    Жетісу облыстық Полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, Талдықорған қаласындағы Мұстафа Өзтүрік және Орақты батыр көшелерінің қиылысында келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі Aito M9 көлігімен соқтығысқан.

    Бұрын полиция қызметкері болған жүргізуші әйел ішкі істер органдарынан босатылды.

    Қылмыстық тергеп-тексеру жалғасуда", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

    "Талдықорғанда полиция қызметкері мас күйде жол-көлік оқиғасына тап болды": Полиция департаменті өкілдері түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.