jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Bek Air ісі бойынша сот: ұшқыштарға үкім шықты

    Bek air ұшағы апаты
    Bek air ұшағы апаты. Оқиға орнынан фото: ТЖМ

    Алматының Түрксіб аудандық сотының судьясы Дастан Әлмағамбетов 2019 жылы желтоқсанда Bek Air ұшағының апатқа ұшырағанына қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Іс бойынша қаза тапқан ұшқыштар Мейіржан Молдақұлов пен Марат Мұратбаев айыпталушы ретінде көрсетілді.

    Ұшқыштар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, оларға қаза табуына байланысты жаза тағайындалмады.

    Жәбірленушілердің азаматтық талаптары азаматтық сотта қаралады.

    Айта кетейік, Bek Air ұшағы апаты бойынша тергеу оқиғадан кейін 5 жыл өткенде яғни былтыр көктемде аяқталған еді.

    Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңында Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан 12 адам қайтыс болды.

    Ал ұшқыш Мейіржан Молдақұлов қайғылы оқиғадан бір ай өткеннен кейін, ауруханадан шығарылған соң көз жұмған еді.

    Bek Air ісі бойынша сот: ұшқыштарға үкім шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.